» » Көшедегі қателік

Көшедегі қателік

   Бір демалыста ауыл автобусынан теміржол вокзалынан түскен соң такси тоқтатып, межелі жеріме жеткізуін сұрадым. Алакеуім уақыт болған соң ба көшеде көлік көп. Қала іші кептеліс. Осыны көріп таксист қуыс-қолтық көшелерге түсіп жүйтки жөнелді. Бір уақытта Қорқыт ата университетінің студенттер сарайынан өтіп, ақын Сырбай Мәуленов көшесіне түстік. Ал енді мына сорақылықты қараңыз.
Көшенің тең жартысында "С.Мәуленов" дегеннің орнына "С.Мәуленова" деп жазып қойған. Ер адамның атына берілген бұл көшені әркім әрқалай қабылдауы мүмкін. Тіпті тақтайшаны оқып әйел екен деп ойлап қалуы да ғажап емес. Бұл ақынды танымағандықтан, оны білуге ұмтылмағандықтан дегеннің өзінде, мынадай салғырттыққа жол беруге болмайды ғой. Көп адамдар көше тақтайшаларын орнатқан кезде осылай селқостық танытады. Оған себеп тұрғындардың кәсіби шеберханалардың көмегіне жүгінбеуі секілді. Өйткені тұрғындар ақша үнемдеу мақсатында жұмысты бейберекет істейтін таныс шеберлерге тапсырыс беретінін естіп жатамыз. Оның үстіне, таныс шебердің қазақ тілі орфографиясын білетініне немесе сол көшенің аты берілген адамды танитынына ешкім кепілдік бере алмайды. Мән бермей жасалған жұмыстан осындай өрескел қателіктер кетіп жататыны рас. Сондықтан әр адам өз үйіндегі көше атауы жазылатын тақтайшаға назар аударса екен.

****
Ауылдан келген бір қазақ Алматыны аралап келе жатып, көше бойындағы М.Мақатаева деген жазуды көріп: "Апарай Алматы үлкен екен ғой расында. Мұқағали Мақатаевпен қоса әйеліне де көше беріпті ғой", – депті таңданып.
А.БЕРДІБАЙҰЛЫ
07 наурыз 2019 ж. 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031