ҚАСҚЫРЛАР ФУТБОЛШЫЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

− Биылғы маусымда «Қайсардың» намысын қорғайтын футболшыларға үлкен жауапкершілік артылады. Жыл өткен сайын нәтиже жақсарып келеді. Өткен маусымның қорытындысында Сырдың бас командасы белгіленген межені орындап, үздік бестікке енді. Биылғы чемпионатта жүлдеге қол созсақ деген мақсатымыз бар. Бастысы, қорғаныста сауатты, шабуылда ширақ қимылдасақ, техникалық жағынан түсіністік, бір-біріне деген сенім жоғары болу керек. Оның үстіне "Қайсардың" жанашыр жанкүйерлері жетерлік, олардың қолдауы командаға жігер сыйлайды. Жаңа маусымның жақсы қорытындысымен Еуропа лигасына жолдама алуымыз тиіс, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Ерасыл ШӘРІБЕК