Қазақстан жақсы мемлекет екеніне кәміл сенімдімін

– Джошуа, "Қайсарға" қош келдіңіз!
– Рақмет!– Алдымен өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз?
– 1988 жылы жылы қызғалдақтар мекенінде дүниеге келгенмін. Ата-тегіміз арубалық. Нидерландыда арубалық имигранттар өте көп. Жалпы көбісі бұл қандай ел деп ойлауы мүмкін. Аруба – 150 мың халқы бар Кариб теңізіндегі шағын мемлекет.
– Жеке өміріңізге тоқталсаңыз?
– Футболшы үшін сүйіктісін тауып, бас қосып, отау тігу өміріндегі ең қызық, ең тәтті шақ. Бұл шақты қазір бастан өткерудемін. Яғни, отбасын құрғанмын. Екі баламыз қатардан қалмай, өсіп келеді.
– Футбол әліппесін қай клубтан үйрендіңіз?
– Нидерландыда футбол мектептері өте көп және әлемдегі өзіндік орны қалыптасқан. Бұл спортқа алғашқы қадам Роттердам қаласынан басталды. "Спартаның" академиясынан дәріс алып, сол клубтан түлеп ұштым.
– Мансабыңызда қанша клубтың жейдесін кидіңіз?
– "Қайсар" клубына дейін 5 клубтың намысын қорғаппын. Атап айтсам нидерландық "Спарта", "Валвейк", "Твенте", даниялық "Норшеланн". Соңғы клуб түріктің "Бурсаспоры"
– Жақын арада Қазақстан жеріне аяқ басарыңыз тұр. Ел біріншілігі туралы не білесіз?
– Бұл елге барып көрмесем де, жақсы мемлекет екеніне кәміл сенімдімін. Біріншіліктен бейхабармын деуге болады. Бірақ "Астананың" чемпиондар лигасында ойнағанын білемін.
– Қызылордада "Қайсардың" жанашыр жанкүйерлері жеткілікті. Сізді клубтың жаңа ойыншысы болғаныңыздан хабардар. Команданың жанкүйерлеріне алып-қосарыңыз бар ма?
– Қателеспесем, біріншілік көктем айында басталады екен. Сондықтан клубтың жанашыр жанкүйерлерімен сол кезде қауышамыз. Негізінде жанкүйерсіз жеңіске жету өте қиын. Қолдау болса, жеңіс те болады. "Қайсардың" жанкүйерлерімен кездесуге асықпын.
– Сұхбат бергеніңізге рақмет. Жаңа клубыңызда сәттілік тілеймін!
– Сізге де рақмет!