Арал ауданы әкімі ғасыр жасаған ананы құттықтады

Тәжігүл әжей тылда тер төккен, одан кейін Райым колхозында зейнет жасына жеткенше балық шаруашылығы саласында ұзақ жылдар табанды еңбек еткен.
9 баланы өмірге әкелген алтын құрсақты анамыздың бүгінде 33 немересі, 66 шөбересі, 3 шөпшегі бар.
Мерекемен құттықтай келген ел азаматтарына Тәжігүл әжей ақ батасын беріп, елге жасап жатқан қызметтеріне абырой тіледі.