» » Аудан әкімі перзентханада болды

Аудан әкімі перзентханада болды

  Халықаралық әйелдер мерекесінде Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов аудандық аурухананың перзентхана бөлімінде болып, дүние есігін ашқан жас сәбилердің аналарын мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
Аудан басшысы өз кезегінде Елбасымыздың әрбір Жолдауында ана мен балаға деген қамқорлық назардан тыс қалған емес. Алтын құрсақ аналарымыздың жолын жалғастырып келе жатқан жас аналарға барлық мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп жатқанын атап өтті.  
Сонымен бірге аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты К.Раева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С. Айдаров, «Амбулаториялық–емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасының» бас дәрігері, «Райполиклиника» БПҰ төрағасы Б.Нысанбаев өмірге келген жас сәбилердің аналарына мықты денсаулық тілеп, нәрестенің бауы берік болсын деген тілектерін жеткізіп, сый –сияпат жасады. 
09 наурыз 2019 ж. 749 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930