Жүз жасаған

   Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында полиция қызметін барынша жетілдіру бағытында ел Үкіметі мен ІІМ-не бірқатар нақты шараларды жүзеге асыруды жүктеп, азаматтардың құқықтары мен қоғамдық қауіпсіздікті қорғайтын полиция қызметкерлерінің ерлік еңбектерін бағалап өткен болатын. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмыспен күресте алдыңғы шепте жүреді, көбіне өз басын қатерге тігіп, азаматтарды қорғайды» деп, полиция қызметкерлерінің ерлік еңбектерін лайықты бағалаған. Сонымен қатар, жолдауда «Азаматтар санасында полиция қызметкерлері жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнауы керек» деп атап өтілді.
Осы орайда Жалағаш аудандық полиция бөлімінде полиция қызметкерлерінің ел алдындағы беделі мен жалпы полиция қызметінің оң имиджін қалыптастыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Жалағаш ауданы полиция бөлімінің бастамасымен Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылының ең қарт тұрғындары 100 жастағы Бибайша Қайырбаева мен 97 жастағы Маханова Өтеш әжейдің үйіне ат басын тіреді.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлан Ағаділов бастаған қызметкерлер және Жалағаш ауданы полиция бөлімінің Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Б.Ержанов, бөлім ардагері ҚР Журналистер одағының мүшесі Б.Нұржанов барып, оларды арнайы құттықтады. Бөлім бастығы Нұрлан Ағаділов ғасыр жасап отырған аналарға арнайы құттықтау хаттын тапсырып, иықтарына қазақы сәнді қамзол жауып, орамал тартты.
Өз кезегінде бөлім бастығының орынбасарлары А.Ералиев пен Абзал Сералиев қарт әжелердің балалары мен немере-шөберелерінің өте тәртіпті, басқаларға үлгі боларлық азаматтар мен жас өспірімдер екенін айтып өтті. Ал, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Ержанов бұрын осы ауылда учаскелік полиция инспектор қызметін атқарғанын айта келе: «Сіздер тәрбиелеп өсірген ұрпақтарыңыз бұрында үлгілі азаматтар еді, бүгінгі күндері де сол қалыптарынан айнымапты, келешекте де осылай бола беретініне сенімдімін»- деді.
Қос ғасырдың куәгер аналары өздері бұрын полиция қызметкерлерін тек қана жаза басқандарды тезге салатын қатаң адамдар қатарына жатқызып келгенін айта келе: «Балалар, өркендерің өссін, бақытты болыңдар, ел тыныштығын қоғаудағы қызметтерің жемісті болсын. Аналар мен көптің алғыстарына ие болып, ел сенімін ақтай беріңдер» - деген ақжарма тілектерін білдіріп, баталарын берді.
Полиция басшылары мен ардагерлер осыдан кейін Жалағаш кентіндегі қарт аналар Балажан Тойшыбекова мен Мұңсыз Қожахметовалардың да отбасына барып, арнайы құттықтап, оларға да сый-сыяпат жасады.
Міне, заман талабына сай жаңа серпінмен еңбек етіп жатқан Жалағаш ауданының полиция бөлімінде атқарылған игі шаралардың бір дәлелі осындай. Тәуелсіз еліміздің дамуы мен елдегі тұрақтылықты сақтауда қашанда алдыңғы шепте тұратын ішкі істер органдарына үлкен сенім артатын Елбасымыз биылғы дәстүрлі Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» етіп жариялады.
Мемлекет басшысы белгілеген тапсырмаларды орындау жолында қарқынды жұмыстардың ұйытқысы болып отырған Жалағаш ауданы полиция бөлімінің басшылығы мен ұжымы және ардагерлер ұйымы бірлесіп, кейінгі жас буын арасында бүгінгі жас ұрпақтың келешегі үшін тер төккен аға ұрпақ өкілдерінің үлгілі істерін насихаттау мақсатында алдағы уақытта жастармен түрлі тақырыптық кездесулер өткізбек.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
11 наурыз 2019 ж. 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031