» » Ер адам өртеніп жатқан үйге кіріп, 7 жасар қызды алып шықты

Ер адам өртеніп жатқан үйге кіріп, 7 жасар қызды алып шықты

  Қарағандыда ер адам өртеніп жатқан үйден қыз баланы алып шықты. Өрт кезінде 7 жасар қыз үйде ағасымен бірге болған. Өкінішке орай, ағасы үйден шыға алмай көз жұмды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

«Үйдің артқы жағынан түтінді байқап қалдым. Бірден көлігімді тастай сала осы жаққа жүгіріп келдім. Үйдің есігі ашық екен. Баспалдақта кішкентай қыз тұрды. Бұл үйде ер адам мен кішкентай қыз бар екенін білдім. Қызды алып, көшеге алып шықтым. Қайтадан жүгіріп келгенімде үйге кіру мүмкін емес болды. Ер адамды таба алмадым. Артынша полиция келіп, мүрдесін алып шықты», - дейді Сайран Іргебаев.
Бұл кезде қыздың анасы жұмыста болған екен. Үй қаланың шет жағында орналасқан. Сондықтан өрт сөндірушілер жеткенше қызыл жалын үйдің шатырына жетіп үлгерген. Үйдегі жиһаздар мен заттар, есіктер, барлығы түгі қалмай өртеніп кеткен. Ондаған құтқарушы бір жарым сағат бойы өртпен арпалысты.
Олар үйдің ішіне кіргенде, ер адамның денесін тапқан. Алдын ала нұсқа бойынша, өрттің шығуына пешті қолдану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы себеп болған. 
Ендігі 7 жасар қыздың өмірін құтқарып қалған көршісін марапатқа ұсыну жоспарланып отыр.
14 наурыз 2019 ж. 1 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930