БАБАЛАР ЕККЕН ШЫНАРДЫ БАЛАЛАР САЯЛАЙДЫ

Осы орайда ағымдағы жылдың 16 наурыз күні «Бабалар еккен шынарды балалар саялайды» атты білім беру ұйымдарында бір мезетте ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Бұл акцияны өткізудегі негізгі мақсат - экологиялық ахуалды жақсарту, шаһарымызды көгелдандыру, білім ошақтарының айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, гүлдендіру болып табылады. Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді тигізу үшін сенбіліктер өткізіп, ауламыздың, қаламыздың аумағын тазартып, абаттандырып, жасыл желектер отырғызып, шырайын әрлендіре түсуіміз керек.
Бақыт БЕКТІБАЙҚЫЗЫ