Бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
Бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"26-29 наурыз аралығында жаңбыр басым болатын жауын-шашын болжамына байланысты СҚО, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында қардың қарқынды еруі, еріген қар суының қалыптасуы, өзендердегі мұз жағдайының әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі", - делінген хабарламада. 26 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 26 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі.