» » Алматыда бүтін бір отбасы жол апатынан көз жұмды

Алматыда бүтін бір отбасы жол апатынан көз жұмды

  Алматыда бір отбасының үш мүшесі мерт болды. Ерлі зайыпты мен олардың небәрі 3 жастағы баласы жан тәсілім етті, деп хабарлайды КТК.

Оқиға түнгі уақытта Алматыдағы Бауыржан Момышұлы көшесінде болды. Хюндай көлігін Тойота Ланд Крузер көлігі қағып өтті. Соққының ауыр болғаны соншалық 26 жастағы әйел мен 3 жасар баласы сол жерде көз жұмды. Ал, көлікті басқарып отырған отағасы ауруханаға ауыр күйде жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады.
"Науқастың жағдайы тым ауыр болды. Оның өкпесі жарылып кеткен. Ол ауруханада 3 сағат жатып мерт болды", - дейді №7 қалалық клиникалық ауруханасы бөлім меңгерушісі Рамазан Әскеров.
27 наурыз 2019 ж. 1 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031