» » Бірде өрлейсің, бірде ылдиға құлдилайсың

Бірде өрлейсің, бірде ылдиға құлдилайсың

  Жайылхан ТЕМІРХАН, жас кәсіпкер

– Қанша адамды жұмыспен қамтып отырсыз?
– Әзірге біздің ұжымда 6 адам жұмыс істейді. Үшеуі көлік жуады, ал қалғандары ішкі жұмыстармен айналысады.
– Жастарға кәсіптің қай түрімен айналысуға кеңес бересіз?
– Қазір қатарластарым білімді, көз ашық. Кез келген кәсіпті игеріп кетуге шамасы жетеді. Оның үстіне қазір өзгеге тәуелді болмай, өз ісімен айналысуға кіріскендердің қатары көбейді. Соңғы уақытта ашылып жатқан бизнес нысандарының 60 пайызы жастар басқарып отыр. Осы бағытқа бейімдейтін жаңа мотивациялық кітаптар шығып жатыр. Солар арқылы әркімнің өзінің жаны қалайтын кәсіпке бейімделгені дұрыс.
– Қазақ жақсы кәсіпкер бола ала ма?
– Неге болмасқа, қазақтың басқа ұлттан несі кем? Бізде табысты кәсіпкерлер өте көп. Білгенін жұртқа үйретіп жүрген Ахметбек Нұрсила секілді азаматтарымыз бар. Әр қазақтың баласы мықты кәсіпкер бола алады, бастысы ерінбеу керек.
– Бастаған ісіңіз аяқ асты жүрмей қалды. Не істейсіз?
– Бизнестің де өзінің ережесі, қағидасы бар. Бірде өрлейсің, бірде ылдиға құлдилайсың, бірде алданасың. Қателіктен сабақ алып келеміз.Тағы айтарым, бастаған ісіңді аяғына дейін жеткізу қажет.
Байтөгей СУАН
31 наурыз 2019 ж. 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031