Қазақстандықтардың тегіне "Нұр" қосыла ма: Министрлік түсініктеме берді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі газетте басылған мақаланың 1 сәуір – күлкі күніне арналған әзіл-қалжың екенін хабарлады.
Министрліктің баспасөз хатшысы Айжан Мусинованың сөзінше, бұл жалған ақпарат болып табылады.
Ол мәліметтің шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп өтті:
- материалда жазылған индустрия және цифрлық даму министрлігі Қазақстанда жоқ;
- қаулы болса, онда түсіндірмені мемлекеттік органның нақты өкілі береді немесе кем дегенде өз аты-жөнін, лауазымын көрсетеді;
- астындағы дереккөз – "бірінші сәуірдегі Щучинск" деп көрсетілген, осыдан-ақ бірінші сәуірге арналған әзіл екенін түсінуге болады.