» » Қазақстандық оқушылардың оқулықтарының салмағы қандай болуы тиіс

Қазақстандық оқушылардың оқулықтарының салмағы қандай болуы тиіс

 «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова қазақстандық оқушылардың оқулықтарының салмағы қандай болуы керектігін айтты, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Бейбіткүл Кәрімованың сөзінше, Білім және ғылым министрлігі оқулықтардың салмағына қатысты шектеулер белгілеген.
«ҚР БҒМ бастамасы бойынша күнделікті оқу комплектісінің салмағына қатысты шектеулер белгіленген. Ол үшін 2018 жылдың қыркүйек айында «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелеріне өзгерістер енгізілген», - дейді Кәрімова.
Енгізілген толықтыруларға сәйкес, күнделікті оқу комплектісінің салмағы (ОӘК, оқулықтар, қажетті оқу-жазу құралдары):
1-3 сыныптардың оқушылары үшін – 1,5-2 келіден;
4-5 сыныптардың оқушылары үшін – 2-2,5 келіден;
6-7 сыныптардың оқушылары үшін – 3-3,5 келіден;
8-11(12) сыныптардың оқушылары үшін – 4-4,5 келіден аспауы тиіс.
Орталық директорының айтуынша, 2018 жылы шығарылған 3, 6, 8 сыныптарға арналған оқулықтар мен ОӘК көрсетілген нормаға сай келеді.
30 наурыз 2019 ж. 669 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031