» » Заңнамаға өзгерістер енгізілді

Заңнамаға өзгерістер енгізілді

2019 жылдың 21 қаңтарында Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойып, аталған Заң ағымдағы жылдың 3 ақпанында күшіне енді.
Аталған Заң аясында 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 Кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономика саласындағы қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бірқатарына тоқталып өтсем...
Қазақстан республикасының Қылмыстық кодексіне ұрлықтың, алаяқтықтың қайталануы үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін тиісті түзетулер енгізілгені құптарлық. Бұрындары бірнеше рет ұрлық, алаяқтық жасау бұрын ауырлығы орташа қылмыс санатында саналып, аталған санаттағы істер бойынша сотталушыларға залалды өтеген жағдайда жәбірленушімен татуласу мүмкіндігі қарастырылған болатын. Енді енгізілген өзгерістерге сәйкес, ұрлықтың, алаяқтықтың бірнеше рет жасалуы «ауыр санаттағы» қылмысқа ауыстырылып, бұл өз кезегінде айыпталушыны тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігін болдырмайтынын айқындады.
Сонымен бірге, салықтар бойынша берешекті өз еркімен төлеген тұлғалар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Сот жүктемесін оңтайландыру бағытында сотта қаралуға жататын 9 санаттағы даусыз талаптар нотариустарға берілді. Атап айтқанда, жалақыны өндіріп алу, коммуналдық қызметтер бойынша берешекті өндіру, нотариат куәландырған қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау, орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау, нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау, лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету, ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану, ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтаратын үй-жайлар меншік иелерінен берешекті өндіріп алу, жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы талаптар.
Ысқақова Айжан Мұқтарқызы,
Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің бас маман-баспасөз қызметінің маманы
08 ақпан 2019 ж. 485 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031