Өмір сүр

  Жақында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Артур Платонов былтыр, өкінішке қарай, өзін-өзі өлтіру оқиғалары тым көбейгенін айтып, депутаттық сауал жолдады. Іле-шала Алматы телеарнасы жастар арасындағы суицид көрсеткіші жағынан әлем бойынша төртінші орындамыз деп хабарлады. Осы бір әлеуметтік мәселе, расында да, ойландырмай қоймайды.
Тіршіліктің ең басты құндылығы – адам өмірі. Оны кенеттен тоқтатуға, өзін өзі өлімге қиюға адамдар неге асығады? Бұған екі фактор әсер етеді: сыртқы және ішкі фактор. Сыртқы фактор – адамның айналасындағы достары және қоғам. Ішкі фактор дегеніміз – отбасы. Әсіресе отбасындағы мейірімнің жетіспеуі бала санасына зіл-батпан салмақ түсіреді. Адам қай кезде де жан дүниесінен шыққан сырларды танып білуге ұмтылады. Демек мұның тағы бір жағдайы ғашықтық сезім және махаббат. Кітапхана сөрелерінен оңай табылатын Шекспирдің Ромео мен Джульетта трагедиясындағы ғашықтық жолында өз өмірін құрбандыққа қию – махаббат құрбандығы жастардың ой-санасына әсер етпейді деп айта алмаймыз. Көбіне олардың өлер алдында хат-хабар тастап кетуі және мелодрамалық кинофильмдердегі осындай оқиғалар санасы минут сайын құбылып тұратын жасөспірімдік өтпелі кезеңде мәселенің шешуі сияқты көрінетіні рас. Мұны психологияда вертер синдромы деп атайды.
Өмір бір-ақ рет беріледі. Сен ешкімге ұқсама, сен ешкімге еліктеме, досым!  Сен өз өміріңді сүр. Өзіңше сүр. Сенің өмірің – сенің шешімің. Сенің шешімің – қандай жағдайда да, ел-жұрт не десе де өмір сүруді тоқтатпау. Бәрі өтеді, бәрі өзгереді. Сенің сезімің де өзгереді, сенің өмірің де өзгереді. Аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауған соң, артынан күн шайдай ашылмай ма?! Өмірде де сол сияқты. Көңіліңді мұң басып, жылап-жылап алған соң, бәрі анық бола бастады, бәрі жақсы бола бастайды. Сенің өміріңнің ең әдемі өмір болатынына мен сенемін. Сен де сеніп үйрен, досым! Қасиетті Құран Кәрімде: «Кім Алладан шын қорықса, Алла оны кез келген қиындықтан құтқарады және күтпеген жерден ризық-несібе береді» деп жазылған екен. Алланың адамға берген ең үлкен нығметі – оның өмірі. Өмір – аманат. Аманатқа қиянат жасамайды.
                                                                                    Арайлым ЕРСІН,
№136 орта мектептің 
9 сынып оқушысы
02 сәуір 2019 ж. 1 078 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031