» » ЖАН ДАУАСЫ – ИМАН НҰРЫНДА

ЖАН ДАУАСЫ – ИМАН НҰРЫНДА


  • Мезгіл мәселесі
  • Қазіргі уақытта дүние жүзінде суицид жиі кездеседі. Қазақстанды да  осы проблема қатты алаңдатады. Суицидтік мінез-құлық проблемасы қоғам мен зерттеушілер назарын аударып отыр.  Қоғамдық санада өзін өзі өлтіру екі жақты пайымдалады. Бір жағынан, өзін өзі өлімге қиған адам аянышты көрінеді. Екінші жағынан, суицид фактісінің өзі күнә, қылмыс ретінде айыпталады.
Суицид қатты қажыған, шарасыздықтан шаршаған немесе жағдайдың шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жасөспірім ұл-қыздардың арасында кездеседі. Оның даму жолдарына жалғыздық, қызметкер мен басшы арасындағы келіспеушілік, отбасындағы әлеуметтік ахуал, құрбылар арасындағы қатынастың нашарлауы, еркіндік бермеу және тағы басқа себептерді жатқызуға болады. Медицина тіліндегі депрессия, невроздар, қорқақтық сезімнің пайда болуы, депрессиялық психоз, шизофрения секілді сөздерге сәйкес келеді. Ал халық ұғымында бір жағдайдың әсерінен тығырыққа тірелу, қиын жағдай болғанда біреумен бөліспеу, мұны шешетін бір ғана жол бар деген ойлармен пара-пар. Қаржылық қиыншылықтар да кей адамдарды суицидке итермелейді. Отбасындағы жайсыздық та балалар бақытсыздығына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шариғат заңдары адамға өзін-өзі өлтіруге рұқсат етпейді. Ислам дінінде өз-өздеріне қол салушылардың күнәсі адам өлтіргеннен де ауыр болып есептеледі. Сондықтан Алланың берген сыйын медет тұтып, өмірдің бағытымен ғұмыр кешіп, күйзеліске түскен жандарға көмектесу қажет. Суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізген жөн. Оның емі – иманда. Жүрекке имандылық ұялату –  басты шарт. Содан кейін психологиялық және медициналық қолдауда, тез сауығып кету үшін кешенді ем-дом жүргізуде.
Осы мәселені талқыға салу психолог мамандармен тікелей қатысты. Қазақтың менталитетіне “психолог” деген ұғым жат. Сол себепті бір қазақ қанша жерден депрессияға ұшырап, күйзеліске түссе де психологқа бармайды. Оған бар десең "Мені жынды санайсың ба" деп өзіңе зекіп тастайды. Капиталистік қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін тығырыққа тірелгенде көмек қолын созатын психолог мамандарға жүгінуге бірте-бірте үйреніп, сананы қалыптастырған жөн. Психологтар адамдармен тығыз жұмыс жасау керек.  Осы орайда, қоғамдық қатыгездіктің өршіп отырғанына теледидар мен компьютерлік ойындардың тигізіп жатқан әсері де бар. Бұндай қадамдарға көбнесе тұйық, жалғыздықтан жапа шегіп жүрген, өмір мәнін жоғалтқан, барлығын жүрегіне жақын қабылдайтын адамдар көп барады.
Суицид шынайы, жасырын және ашық болып 3 топқа бөлінеді.
Шынайы суицид ешқашан болмайды, алайда кейде кенеттен орын алады. Сонымен қатар аяқастынан өз-өзіне қол жұмсаушылардың басым көпшілігінің өлгілері келмеген, олар тек біреудің назарын өз проблемаларына аудартуды, көмекке шақыруды көздеген. Психологтар бұндай құбылысты ашық суицид деп атайды. Ал, жасырын суицид өз-өзіне қол жұмсау мәселені шешудің лайықты жолы емес екенін түсінетін, алайда басқа жолды таба алмайтын адамдардың таңдауы.
Адамның өз-өзіне қол салуы – жан түршігерлік іс. Суицид адамның жасына, жынысына, қызметіне қарамайды. Статистикаға сүйенсек, алты күн ішінде бір суицид болады екен. Осылай жалғаса берсе демографиялық ахуалға әсер етері анық. Сонда ойланып қарасақ, осы суицидпен күреске көлемде қаржы бөлген дұрыс па, әлде тәрбиені қадағалап, өмірімізді дінмен сабақтастырған жөн бе?Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсіну қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, нәтижеге қол жеткіземіз. Сонымен қатар, қолдау көрсететін түрлі көмегіне жүгініп, бұл проблеманы еңсере алатынымыз күмәнсіз.
                                                                       Ж.ДОСАЕВА,
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар 
медицинасы орталығы» ММ
Қызылорда облысы бойынша
филиалының психологы.
02 наурыз 2018 ж. 1 069 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031