"Қадірі кетті": Жанар Айжанова құрмет ордені жайлы ойын ашық айтты

Әнші белгілі журналистпен сұқбат барысында көптеген жас өнерпаздарға табысталған марапатқа қатысты пікір білдірді.
Айтуынша, құрмет орденін жасына сай, лайықты жандарға беру керек.
"Үш атақ та жоқ. Айтсаң қызғанғандай боласың, 30 жасқа енді толып жатқан өнер жолындағы қыздарымыз бен балаларымызға құрмет орденін бергенді біртүрлі көрдім. Жасына келмейтін сияқты.Ол мен қызғанып жатқан жоқпын. Ауыздықтап отырса, оңды-солды лақтырмай. Лайықты жасына, лайықты адамдарға берілсе деймін. Әйтпесе, қадірі де кетіп қалады ғой" , - дейді Жанар Айжанова.