ӨРКЕН МЕН ЕЛОРДА
Өткен жылы 20 жылдық мерекесін тойлаған бас қаланың атауы биыл Нұр-Сұлтан деп өзгеріп, шаһардың жаңа статусы қалыптасты. 20 жыл ішінде әсерлі жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік қоғамдастықта лайықты орынға ие болды.
Осы қуанышты жылдарда намысты, жігерлі, жалынды жасымыздың бірі "Қайсар" командасының ойыншысы Өркен Махан дүниеге келді. Өркен еліміздің бас қаласы Астана деп бекітіліп, қуанышқа бөленіп жатқан кезде өз отбасына қуаныш ала келді. Елі үшін, жері үшін жүрегі соғатын адамдар бөлек. Олардың бойында туа біткен ерекше қасиет Отанға деген рух қалыптасқан. Сондай қасиет әркез Өркеннің бойынан байқалады.
"Мені патриоттық сезім қатты талаптандырады. Кейде, оңашада бірнеше мемлекет сыйып кететін жазиралы кең даланы ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қалай аман сақтап қалды деп ойға батамын. Тарих беттерін парақтасақ, талай зобалаңды бастан кешіргенімізді байқау қиын емес. Осы ретте Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік жолында ту етіп көтерген асқақ идеялары бабаларымыздың отансүйгіштік қасиетімен астасып жатты. Елімізді әлемдік аренаға танытты. Осындай ұлы тұлғаның есімін Елордаға берілуі құптарлық жайт. Нұр-Сұлтанның болашағы баянды болғай. Ғасырлар тоғысында Елордамен қатар дүниеге келгеніме бақыттымын" – дейді Өркен.
Бибарыс ТӨЛЕН