Қоштасу – қауышу
Қандай мықты болған бұрынғы бабалар деп мақтайды. Таңғалады. Ал біз кім боламыз, бізге қараған кім болар?
***
Сенеді, айтса болмайды, болады деуден гөрі жаман болады десе, жақсы болады дегеннен гөрі жаман болады десе қалай болар екен? Мен керісінше сенуге талпынамын.
***
Талапшыл жақсы адам әуелі жақсы болуды ойламас.
***
Тоқтамай бақ іздеп жүреді. Бір басқан жеріне бірнеше қайтара келеді.
Оған сол жерде сол қалпында қалуға болар еді. Бірақ олай етпейді. Неге?
***
Бірқалыпты адамға жаман не, жақсы не? Қуанбайды. Қайғырмайды.
Мүмкін жылауы, күлуі – бәрі мүмкін. Кейде қуаныш қайғының есесіне келетін сияқты көрінеді.
***
Кім өзіне жақынымен қоштасса, бір жағынан сол үшін басқамен қауыша бастайды. Бәлкім қоштасудың өтеуі деген осы шығар.
Ғалымжан ӨТЕМҰРАТОВ