» » Біз неге күншіл болдық?

Біз неге күншіл болдық?

                                                                                              Ой түрткі
 Әлем елдеріне қатысты мынадай бір дерек бар: қартаюдың ең жоғарғы сатысында тұрған жапондықтар екен. Неге? Бұлай болатын себебі жоқ емес. Олар ешкіммен ұрыспайды, ренжіспейді, тіпті бір-бірін күндемейді. Әркім өз шаруасымен айналысады. Белгілі бір мақсатқа ұмтылады, еңбектенеді, тер төгеді. Соның жемісін көреді, нәтижеге жетеді, армандары орындалады. Сыпайы халық. Ылғи күлімсірейді де жүреді. «Осылар неге жетісіп мәз болады» дерсің ішіңнен. Бірақ олар үнемі бір-біріне жақсы сөз айтып, демеу болуға тырысады, мейлі жақын, мейлі алыс болсын өз-өзіне зиян жасап, кедергі келтіруге тіпті болмайтын, қалыптасқан сондай бір жақсы қасиеті бар. Яғни күншілдік мүлде жоқ деуге келмес, бірақ тәрбие сондай.
Ал бізде ше? Қазақтарда қартайып, жасы келіп, ана ауылға аттану сиреп барады. Неге? Бір-бірімізді сырттай қыжыртып, өсектемей-ақ, өз-өзімізді іштей жемей-ақ, әркім өз шаруасымен айналысса, жақсы сөз айтып, жақын адамдарға демеу бола білсе... Аяқтан шалып, өзіме де, өзгеде жоқ деген пиғылдан арылар еді-ау.
«Қызғанған қызыл итке жем болар» деген рас қой. Күндестік, көре алмаушылық түбі бір ауруға душар ететіні ғылымда дәлелденген. Әсіресе, күншілдік дертінен ішкі ағза зардап шегеді. Ойланып көрсек, қазақтардың алпысқа жетпей қалжырай бастауы осыдан емес пе?
 Ылғи жаман жағын көру, жаман жағын есептеу неге бізге ғана тән?
                                                                                     Ержан ҚОЖАС,
                                                                                     Қызылорда қаласы
02 наурыз 2018 ж. 1 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031