KeshYou-дің бұрынғы әншісі Айқынды ұнатқанын айтып қойды

Танымал бағдарламаға кезекті қонақ ретінде келген Балжан Бидаш сұқбат барысында бұған дейін ешкімге тіс жармаған сырына ашты.
Айтуынша, әнші қызға бала күнінде өзіммен бір топта ән салған Жұлдыз Өмірғалидің жары, әнші Айқын Төлепберген ұнапты.
"Бала кезімде маған Айқын ұнайтын. Бала кезімде ұнататынмын. Жұлдыздан қорқып отырмын, ертең шашымды жұлып жүрсе" , - деп қалжыңдады Балжан Бидаш.
Жүргізуші әншіге Айқын Төлепберген мен Дәурен Айдарқұловтың екеуінің біреуін таңдауды айтқанда ол еш ойланбастан:
"Бала махаббаттан қалған Айқын болсын" , - деп даусын әншіге берген.