Жетімдер үйіне барған Төреғали Төреәлі көпшілікті тәнті етті (видео)

Әнші бұл ісі жайлы өзінің Instagram парақшасында жариялады. Ал Төреғали Төреәлінің әрекетіне сүйсінгендер желіде жылы лебіздерін қарша боратқан.
"Жарайсың, Төреғали", "Өте керемет", "Алланың нұры жаусын", "Өте сауапты іс істепсің", "Көзіме жас келді. Сені Алла желеп-жебеп жүрсін", "Негізі жиі-жиі барып тұрсаңдар керемет болар еді".
"Балалардың кішкене болсын көңілін көтеріп қойдың", "Сауапты істерің көп болсын", "Жетімдер жыламасын", "Туған жеріңе барып, игі іс жасапсың. Бақытты бол" деп пікір білдірді желі қолданушылары.