Еліміздегі полицейлер марқұм болған атыраулық әріптесінің отбасына 29 млн теңге жинап берді
ҚР полицейлер ерлікпен қаза тапқан атыраулық әріптесіне қаражат жинап берді.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін полицейлер Шалқардың отбасына Атыраудан 3-4 бөлмелі үй сатып алып бермек болған. Себебі ол отбасының жалғыз асыраушысы еді.
"Атырау облысының полиция департамент қызметкерлері, ІІМ орталық аппараты, өңірлік полиция департаменті, қылмыстық-атқарушы жүйе, құтқару қызметі мен Ұлттық гвардия әскерлері Шалқар Ақымғалиевтің отбасына қолдау білдірді. Полицей суға батқан әйелді құтқарам деп қаза болды. Оның банктік есепшотына қазіргі уақытта 29 млн теңге аударылды", - дейді өңірдегі полиция департаменітінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 21 наурыз күні Шалқар Ақымғалиев өзенге секірген қызды құтқарам деп мерт болды. Қаза тарқан полицей мемлекеттік марапатқа ұсынылды.
Stan.kz