» » Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрлігіне бірқатар міндеттер жүктеді

Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрлігіне бірқатар міндеттер жүктеді

Бүгін Үкіметтің алғашқы отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Энергетика министрлігіне бірқатар тапсыма берді.
«Ресурстық әлеуетті әрі қарай дамытуға тоқталсақ, Инвестициялар және даму министрлігі мен Энергетика министрлігіне кешенді ақпараттық технологиялық тұғырнамаларды белсенді енгізу жолымен пайдалы қазбаларды өндіру тұрғысында қадамдарды жақсарту қажет», - деді премьер-министр.
Осы орайда Бақытжан Сағынтаев аталмыш ведомствоға жаңаратын энергия көздері саласына инвестиция тартуды, әкімдермен бірігіп қатты қалдықтарды өңдеу саласында жұмыс істеуге тапсырма берді.
«Энергетика министрлігіне жаңаратын энергия көздері саласына инвестициялар тарту үшін жағдайларды жасау бойынша ұсыныстар енгізу жүктеледі. Сондай-ақ, аталған министрлікке өңір әкімдерімен бірлесе бір айдың ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу жүйесін құру тұрғысында жол картасын әзірлеу тапсырылады», - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев Инвестициялар және даму, Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне өндірістер мен кәсіпорындарда энергия тұтыну нормативтерін бекіту мәселесін пысықтауды тапсырды.
11 қаңтар 2018 ж. 780 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031