KazRoboproject – 2019

  Кеше облыстық білім басқармасы мен «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен робототехникадан облыстық іріктеу чемпионаты өтті. Мақсат– білімнің салтанат құруы бағытында заманауи инновациялық технологияларды игеру, жастардың білім сапасын арттыра отырып, бәсекелік қабілетін дамыту.
Бүгінгі технологиялық және экономикалық жаңалықтар қалыпты өмір дағдысын өзгертуде. Алдағы уақытта тұтастай салалар нарықтағы қажеттілігін жоғалтып, кейбір мамандықтар мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Қазірдің өзінде болашағы жоқ мамандықтар тізімі жасалуда. Мұндай жағдайда тығырықтан шығатын бірден-бір жол – қызмет саласын ауыстыру. Яғни жаңа дағдылар мен іскерлікті игеруге, жаңа талаптарға бейімделуге қабілетті арттыру қажет. ХХІ ғасыр – робототехника ғасыры. Жастар қазірден бастап мамандықтың жаңа түріне бейімделіп, робототехника тілін меңгеріп, ақпараттық технологияны игеруге бет бұруы тиіс.
Жыл сайын ұйымдастырылатын іріктеу турына қатысушылар саны күн сайын артып келеді. Облыстық іріктеу турынан өткен команданың аз уақыттың ішінде жоғары нәтижеге жетуі бұл салаға жастардың қызығушылығын байқатса керек. Биылғы іріктеу турына аймақтың 336 оқушысы қатысуға өтініш білдірген. Робототехникадан облыстық іріктеу чемипионаты екі бөлімнен тұрды. Іріктеу чемпионатының бірінші бөлімінде «KazRoboproject – 2019» жобалар көрмесі өткізілсе, одан кейін спорттық робототехникалар жарысы өтті. Жеңімпаздарға республикалық чемпионатқа жолдама берілді.
11 сәуір 2019 ж. 708 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031