» » Жолда қабылдау

Жолда қабылдау

  Қызылордада  республикалық  «Жолда қабылдау»  акциясы   басталды.
Халықпен кері байланысты орнату, полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында   акция облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі. Департамент бастығы Қайрат Мұхитов бастаған қызметкерлер тобы мобильдік қабылдау жүргізді. Азаматтардың көп жиналатын орындарына «Жолда қабылдау» деп жазылған ақпараттық плакатпен рәсімделген автобустар арнайы барып, кезінде тұрғындарға  электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, онлайн режимде айыппұлды төлеу, тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер берілді. Екі күн қатарынан Халыққа қызмет көрсету орталығы, тіркеу-емтихан бөліністері, жол-техникалық бақылау және әкімшілік практика мамандары да жұмыс істеді.
11 сәуір 2019 ж. 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930