ДЕБАТ


Оқушының шығармашылық қабілеті ойлау және тәжірибе арқылы дамиды. Әсіресе сабақ барысында жаңа технологияларды қолдану баланың жеке пікірін қалыптастырады. Мұғалім бұл жағдайда тек бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істің ұйтқысы. Жаңа оқыту технологиясының бірі – дебат.
«Дебат» – француз сөзі. Қандай да бір жиналыста, мәжілісте пікір таластыру, яғни жарыссөз деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Грецияда пікірсайыс күнде болған екен, оған саясаткерлер, қарапайым адамдар қатысқан. Ортағасырлық Еуропа университетінде шешендік өнердің курсы жүргізілген. Бірақ жастар арасындағы пікірсайыс алғаш 1930 жылдары АҚШ-та пайда болды. Біз қолданатын пікірсайыс түрі Батыс және Шығыс Еуропа, АҚШ, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия, Батыс-Сібір мектептері мен университетінде кең таралған. Қазақстанда Дебат бағдарламасы 1996 жылдан бастап дамыды.
Дебат – қоғамдық екі топтың белгілі бір тақырыпқа байланысты қарама-қарсы ойларын үшінші топқа, яғни, төрешілерге нақты детальдармен дәлелдейтін пікірталас түрі. Демек, дебатерлар нақты білім және ойын дәл жеткізу мақсатында шешендік өнерге ие болуы шарт. Дебат технологиясы білім алушының шығармашылық белсенділігін арттырады, сонымен бірге зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. Дебат технологиясына құрылған зерделік ойынға екі топ қатысады: жақтаушы және даттаушы топ. Әр топтың құрамында қатысушылар саны шектеулі болады. Ол үшін арнайы уақыт белгіленеді. Өткізілетін дебат сабақ тақырыбына немесе тәрбиелік-әлеуметтік тақырыпта сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақытқа бекітіледі. Тақырып таңдалған соң қатысушыларға дайындық үшін белгілі мөлшерде уақыт беріледі. Іс-тәжірибемдегі куратор сағатына тоқталсам, оқушылармен бірге «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өткіздік. Сабақтың мақсаты – интернет жайлы оқушылар білімін нығайту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойын тиянақты айта білуге үйрету. Оқушылар екі топқа жеребе арқылы бөлінеді. Бірі − жақтаушы, екіншісі − даттаушы топ болып өз ойын айтады, бір-біріне сұрақтар қояды. Қазір дебатты қазақ тілінде «Пікірсайыс», «Пікірталас», «Ойкөкпар» деген  атаулармен қолданып жүрміз. Қалай аталса да негізгі міндеті бір. Оқушының ойлау қабілетін дамытуда бұл технологияның пайдасы ұшан-теңіз.
Ләззат РАХМЕТОВА,
куратор
13 сәуір 2019 ж. 2 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031