» » Айсұлтан Назарбаев тегін "Рахат" деп өзгертті

Айсұлтан Назарбаев тегін "Рахат" деп өзгертті

  Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған мәліметтерге өзгеріс енгізді. Ол өзінің тегін "Рахат" деп өзгертіп, ажырасқанын көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Facebook желісінде жазылған ақпаратқа сүйенсек, Айсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 5 ақпанында ажырасқан. Сондай-ақ, оның тегінен бас тартқаны туралы қазақстандық блогерлер жарыса жазып жатыр. 
Естеріңізге сала кетсек, күні кеше ол әлеуметтік желіде қағбаны айналып жүрген сәтте түсірілген видеоны бөліскен-ді. 
Айсұлтан Назарбаев Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның екінші ұлы. 1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген президенттің жиені бала күнінен футболға ерекше қызығады. Сондай-ақ, бірнеше футбол командасының құрамында болған. 
14 сәуір 2019 ж. 1 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930