Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.
Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанның тұңғыш президенті Гейдар Әлиевтің кезінде басталған Каспийдің құқықтық мәртебесін реттеу үдерісі бүгінде тиісті Конвенцияға қол қою арқылы өзінің логикалық мәресіне жеткенін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанның тұңғыш президенті Гейдар Әлиевтің кезінде басталған Каспийдің құқықтық мәртебесін реттеу үдерісі бүгінде тиісті Конвенцияға қол қою арқылы өзінің логикалық мәресіне жеткенін атап өтті.
Қазақстан Президенті кеше өңірдегі барлық елдер, соның ішінде Әзербайжан үшін жаңа көлік-логистикалық мүмкіндіктер беретін елеулі оқиға – Құрық порты мультимодальды хабының ашылғанын айтты.
"Біз бүкіл Қазақстан арқылы жүріп өтетін темір жол және 6 автомобиль жолын салдық. Соның ішінде екі жол Қытаймен шекарада орналасқан. Тынық мұхитының Ляньюньган портында логистикалық терминал тұрғызып, бүкіл Қазақстан арқылы өтетін заманауи автобан салдық", – деді Мемлекет басшысы.
Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевты Каспийде мультимодальды хабтың ашылуымен, сондай-ақ Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанын көрсететін зор жетістіктермен құттықтады.
"Мен бауырлас Қазақстан жеріне тағы да келгеніме қуаныштымын. Маңғыстау өңірі бізге тарихи жағынан да, географиялық тұрғыдан да жақын. Құрық портының жаңа мүмкіндіктері ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта түседі", – деді Әзербайжан Президенті.
И.Әлиев биылғы мамыр айында көлік легі интеграциясын толық қамтамасыз ететін Аляк портының ашылғанын атап өтіп, екі елдің транзит мүмкіндігін пайдаланудың саяси және экономикалық тиімділігіне тоқталды.