» » Қаржы мемлекет пайдасына қайтарылады

Қаржы мемлекет пайдасына қайтарылады

   
 Өткен жылы Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің сотқа дейінгі өндірісінде 255 қылмыстық іс болған. Оның ішінде 170 іс Экономикалық тергеу қызметінің өзімен басталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Елтай Бекмурзин мәлімдеді.

"Бюджет қаражатын жымқыру, талан-таражға салу және мақсатсыз пайдалану саласында 2018 жылы өндірісте 95 іс болған. Оның басым бағыттарының бірі "көлеңкелі" экономика саласында - жалған шот-фактураларды жазу бойынша -өндірісте 11 қылмыстық іс болған. Олардың 7 ісі аяқталып, 4 іс сотқа жолданды, ақталмайтын негізде тоқтатылған істер саны - 5. Департаментте жемқорлық қылмыстарға қарсы тұру жұмыстары белсенді жүргізіледі. Департаменттің лауазымды тұлғаларына пара берудің 2 фактісінің жолы кесілген. Аталған қылмыстық істер сотқа жолданып, тиісті тұлғаларға сот үкімі шықты", – деді Е.Бекмурзин.
2019 жылдың 1 тоқсанында келтірілген залал көлемі 122,5 млн.теңгені құрайды. Оның 67,2 млн.теңгесі мемлекет пайдасына қайтарылып, 19, 9 млн,теңгенің мүлкі мен қаражатына шектеу қойылған.
Әйгерім ӘБДІРАХМАН
19 сәуір 2019 ж. 865 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930