Тергеуші – мәртебелі мамандық
Адам мамандық таңдағанда қателеспеген жөн. Тергеуші мамандығы қашанда сауаттылық пен біліктілікті, төзімділікті талап ететіні белгілі. Бұл мамандықтың иелері қылмыскерлерді құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы оның ақ пен қарасын айырып, тергеу амалдарын жүргізеді.
Өз қызметінде ақиқат пен шындықты және әділдікті ту еткен жас маманның бірі полиция капитаны – Жылқайдар Отаровты. Ол Арал ауданының Полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінде тергеуші қызметін атқарып, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап бөлім басшылығының ұсынысымен аға тергеуші лауазымына тағайындалған. Есепті мерзімде ол отыз әртүрлі қылмыстық істі сотқа жолдады, оның алтауы – ауыр санаттағы қылмыстық іс. Жылқайдар өз қызметін абыроймен атқарып келеді. Жастайынан атасы, ұзақ жылдар тергеу саласын басқарған тәжірибелі ардагер, отставкадағы полиция подполковнигі Жалдыбай Жаңабаевты үлгі тұтады.