» » Атом электр станциялары

Атом электр станциялары

  Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың РФ басшысы Владимир Путинмен кездесуінен кейін әлеуметтік желіде бұл жиі талқыланған тақырыпқа айналды. Әсіресе, қоғам белсенділерінің үні қатты шығып тұр. Осыған орай Энергетика министрлігі ел аумағында атом электр станциясын салу бойынша Ресей Федерациясы басшылығының ұсынысына байланысты ұстанымын да білдіріпті.  
“Жүргізілген бағалауға сәйкес еліміздің электр қуатының болжамды балансында 2030 жылға қарай Қазақстанның оңтүстігінде 2,7 ГВт-қа дейін базалық қуат тапшылығы болуы мүмкін. Осыған орай, еліміздің оңтүстігінде бу-газ, гидро және атом станцияларын салу сияқты әртүрлі отын және энергия көздерін пайдалана отырып, базалық және маневрлік генерацияны енгізу арқылы тапшылықты жабу мүмкіндігін қарастырып отыр”,-делінген министрліктің баспасөз хабарламасында. Бәрі дұрыс секілді. Бірақ әлем жұртшылығы 2011 жылғы Жапон Фукусимасындағы апатты әлі ұмыта қойған жоқ. Қоғамдық ұйымдар, экологиялық одақтар мен партия өкілдерінің «Қазақстанға АЭС салудың қажеті жоқ» деген қарсылығының бір ұшы осында жатыр. Мәселені арыдан ойлағандар «АЭС-ті кімдерге салдырамыз? Сапалы да, қауіпсіз АЭС-ті кім салып береді? Оған кеткен шығынды еселеп қайтарып ала аламыз ба?» деген мәселе көтеруде. Дұрысы да осы сияқты. Атом станциясын салып, сол арқылы қыруар пайда тауып отырған елдер аз емес. Бірақ бұл күнде технологиялық даму жағынан әлемнің көп елдерінен көш кейін қалып қойған Ресей бұл жұмысты жүйелі атқара ала ма? Мәселе осында. Егер көршіміздің технологиясы сенімді болса төбемізден жыл сайын ракета сынықтары құламас еді. Қазақстанның ҚазСАТ-ы ғарышта "қош-қошын" айтып, жоғалмас еді...
Атом станциясын экологиялық апат тудырады деп санайтындар алдымен еліміздегі тозығы жеткен ТЭС-терді, миллиондаған тонна улы қалдықтарды ауаға жіберіп жатқан ескі зауыт, кен орындарын ұмытып кеткен сияқты. Осыларды жаңартуға, жаңа технологияға көшіруге күш салғаны жөн болар еді.
Айбек Жақсылық
16 сәуір 2019 ж. 1 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031