"Өлімші етіп сабаған": Қарағандыда жас әйелді жарақаттаған ер адам ұсталды
Қарағанды дәмханаларының бірінде жас әйелді жарақаттаған 46 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Күні кеше әлеуметтік желіде Қарағандыда "Арман" дәмханасының маңында түсірілген видео тарады. Аталған видеодан дәмхана маңына келіп тоқтаған жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін көруге болады. Видеоны жолдаған желі қолданушысы "Кривогуз көшесіндегі 33-үйде орналасқан "Арман" дәмханасы. Әйелді жабылып соққыға жыққан, 5 патруль мен жедел жәрдем келді. Әйелді шамамен бес адам ұрған. Өлімше етіп сабаған сияқты" дейді.
Қарағанды облысының полиция демартаменті skandal_krg парақшасында жарияланған видеоға қатысты түсініктеме берді.
"12 сәуір күні сағат 23:50-де Кривогуз көшесінің бойында орналасқан дәмханалардың бірінде болған жанжалдан кейін белгісіз адам 26 жастағы әйелді жарақаттаған", - делінген хабарламада.