Жұлдыз – жорамал: Сізді не күтіп тұр?
Тоқты
Аптада айтарлықтай өзгеріс болмайды. Бірақ сіз атқаруға тиіс жұмыстар көп. Олардың барлығы бірдей қиын емес. Керісінше оларды қызығушылықпен атқарасыз.
Торпақ
Жақсы апта болмақ. Біраз уақыт бұрын қолға алған істі соңына дейін жеткізесіз. Жеңіске жетесіз деу қиын, дегенмен мақсатыңызға бір табан жақындайсыз. Жаңа жоспарлармен жұмысты бастаңыз.
Егіз
Барлық іс-әрекетті, айтылған сөздерді жүрегіңізге жақын қабылдайсыз. Болмашыға бола жүйкеңізді жұқартып, көңіл-күйіңізді түсіресіз. Бұл айналаңыздағылармен қарым-қатынасты алшақтата түседі. Мұндай қылығыңызбен өзгелерді де ренжітіп алуыңыз мүмкін.
Шаян
Сіз үшін жемісті сәт туды. Іскерлік әлеміне қатысты мәселелер турасында сөйлесу өз пайдасын тигізеді. Мақсатқа жету оңай емес екенін білесіз. Сонда да алған бетіңізден қайтпайсыз және дегеніңізге жетесіз.
Арыстан
Аптадағы көңіл-күйіңізді ештеңе бұза алмайды. Жұмыста табысты болуға мүмкіндік туып тұр. Ол үшін өзіңіздің кәсіби маман екеніңізді дәлелдеуіңіз қажет. Яғни берілген тапсырманы толық орындап шығыңыз.
Бикеш
Жұмысыңызды бірыңғайлап, бұрын бастаған шаруаны соңына дейін жеткізіңіз. Бұрын жіберген қателіктерді түзеу үшін біраз еңбектену керек. Аптада өзіңізге деген сенімділігіңіз зор болмақ.
Таразы
Кез келген мәселені шеше аласыз. Ол үшін асықпай, ақылмен әрекет етіңіз. Нақты нәтижеге жету үшін біраз уақыт қажет. Бірақ сіздің сабырлылығыңыздың арқасында мақсатыңызға жетуге болады.
Сарышаян
Өзіңіз таңдап алған салада мақсатыңызға жетесіз. Осылайша алдыңыздан жаңа мүмкіндік ашылады. Уақытыңызды текке кетірмей тиімді пайдаланыңыз. Отбасыңызға да көңіл бөліңіз.
Мерген
Кейде жақындармен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Келіспеушіліктер туындап жатады. Сонын салдарынан тіл табысу қиындайды. Сіз өз қателіктеріңізге көз жұмасыз, ал өзгелердің шалыс басқанын көріп қалатын әдетіңіз бар. Бәрін ой таразысынан өткізіңіз.
Тауешкі
Игі істер атқаруға қолайлы сәт. Жаңа жобаларды қолға алыңыз. Оларды тез арада игеріп әкететініңізге күмәніңіз болмасын. Осы арқылы мақсатыңыз айқындала түседі. Тез арада болмаса да, көздегеніңізге жететініңіз анық.
Суқұйғыш
Көп еңбектеніңіз. Жалпы, сіз тәуекелшіл жансыз. Дегенмен аптада тәуекелге бел буудың қажеті жоқ. Нақты нәтижемен жұмыс істеген дұрыс. Ол сізге мол пайда әкелмек.
Балық
Іске келгенде бұл апта өте сәтсіз болмақ. Көптеген маңызды мәселелерге атүсті қарайсыз. Әлдекімнен көмек күтесіз не болмаса сәттілікке сенім артасыз. Негізі ешкімнен көмек күтпеңіз. Сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.