» » Ерекше жұлдыз – жорамал

Ерекше жұлдыз – жорамал

  Тоқты
Мойныңызға жүк артудан аулақ болыңыз. Таңертеңгілік уақытта өзіңіз бен өзгелердің іс-әрекетіне баға беріп, өткен күнді ой елегінен өткізіңіз. Қатал болмаңыз, ақыл-кеңеске құлақ асыңыз.
Торпақ
  Егер сіз ақпараттық технология саласын зерттеп, осы ғылымның жолында жүрсеңіз, аптада айтарлықтай жетістікке жетесіз. Алдағы мақсатты айқындап алыңыз.
Егіз
   Өте маңызды апта болады. Жаңа идеяңызды жүзеге асырып, мол табысқа кенелуіңіз мүмкін. Сондықтан өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Көп ойланатын уақыт жоқ, тез шешім қабылдауыңыз қажет.
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Ұзақ жол іскерлік қарым-қатынасқа қатысты шешім қабылдауда өз көмегін тигізеді.
Шаян
    Романтикалық қарым-қатынас орнатуға сәтті апта болмақ. Қаржы мәселесі де өз шешімін тауып келеді. Сізге ешкім кедергі келтіре алмайды.
Жеке қарым-қатынас реттейтін сәт туды.
Арыстан
    Жоспарыңызға қатысты маңызды шешім қабылдайтын уақыт жетті. Қолға алған жаңа идеяыңыз сізді қуантатын болады. Өзгелерге сыр алдырмаңыз.
Аптаның екінші жартысы қызықты ұсынысымен қуантады.
  Бикеш
      Басыңыздан өткен жағдайларды дұрыс бағамдай біліңіз. Қиялға берілмей, нақты іске көшкен жөн. Сонда ғана өміріңізді жаңа арнаға бұрып, жақсы өмірге қадам жасайсыз.
Таразы
Күтпеген ұсыныстарға бас қатырмаңыз. Оларды ойлап жүретін сізде уақыт жоқ. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.
Таңертеңгілік жұмыста да, үйде де аздаған түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін.
Сарышаян
  Өте маңызды істе жолыңыз болғалы тұр. Ол үшін ұсақ-түйек тірлікті жиып қойып, тек сол іске ғана ден қойыңыз. Өзіңізге пайдасы тиетін ақпаратқа қанық болып, қызықты басқосуларда боласыз.
Мерген
    Зиянды әдеттерден арылыңыз. Алға жылжуға кедергі келтіретін жандармен қатынасты үзіп, болашағы жоқ жобалардан бас тартыңыз. Жаныңызға жақын жанмен алдағы күндерге жаңа жоспар құрасыз. Өз ойыңыздың дұрыс екенінде күмән жоқ, дегенмен өзгелердің де пікірін тыңдай біліңіз.
Тауешкі
  Сабырлылық сақтау қиынға соғады. Ұсақ-түйекке бола жүйкеңізді жұқартпаңыз. Бұл қиындықтың барлығы аз уақыттың ішінде шешімін табатын болады. Апта қарбалас өтеді. Өзгелермен арадағы түсініспеушілікті шешуге тырысасыз.
  Суқұйғыш
   Есте қаларлықтай апта болмақ. Қызықты кездесуден жағымды әсер аласыз. Орындалуы тиіс істердің жоспарын құрыңыз.
Балық
   «Еңбек – бәрін жеңбек» демекші, еңбектенсеңіз табысқа жетесіз. Айналаңыздағылармен тіл табысу оңайға соқпайды. Дегенмен, сыйластықты сақтап қалу керек. Жаңа танысқан адамдарға қызығушылығыңыз артады. Алайда қателіктерге бой алдырмаңыз.
28 қаңтар 2019 ж. 1 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031