"Гипноз": Жолдыбаеваның эротикалық клипі Кенталға ұнап қалған
Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа бейнебаяны Кенталды гипнозға түсірген. Әнші өнердегі әріптесінің ашық образдарға толы клипі өзіне ұнап қалғанын жасырмады. Оған оң бағасын берген сері елден оңбай сөз естіп қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кентал қазіргі таңда қызу талқыланып жатқан бейнебаян өз көңілінен шыққанын айтты. Ол Кәмшаттың атышулы клипіне қатысты ойын Instagram желісінде білдірген.
"Клип емес, нағыз гипноз. Сен кереметсің, Кәмшат! Құтты болсын" , - деп жазған ол.
Кентал ерсі туындыны ораза алдында жарыққа шығарған сылқымды мақтағаны үшін елдің қаһарына ұшыраған. Көпшілік әншінің пікірімен келіспейтінін жеткізді.
"Ерсі әрі ұсқынсыз", "Тым ерсі емес пе? Несі керемет?", "Клип емес, порно меніңше" , "Мына клипті көріп ораза бұзылады ғой " , "Түк талғамы жоқ" , "Жеткен жеріміз осы болар. Ертең болса ораза келеді. Сіздің салып тұрғаныңыз мынау" , "Түк қызығарлық емес, керісінше ұсқынсыз. Неге қазақи нақышта, денесін ашып-шашпай түсіруге болмайды ма?" , "Ұят" , - деп жазуда көпшілік.