» » АУЫЛ ЖАСТАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

АУЫЛ ЖАСТАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

"Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Қаракеткен және М.Шәменов ауылдық округінің жастарымен кездесу өтті. Шара барысында орталықтың бөлім басшысы Н.Серәлі аудан көлемінде жастар саясатының жүзеге асырылуы және аудан бойынша «Жастар жылын» атап өтудің кешенді іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Кездесуде Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы А.Сағындық жастарға қайтарымсыз грант алу және кәсіпкерлерге 6% үстемемен несие беру,  «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында қысқа мерзімді оқыту, сондай-ақ жастар тәжірибесі тақырыбында кеңес берді. Қаракеткен ауылдық округінің жастарымен пікір алмасу барысында олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Кешкі мезгілде спорт алаңында жастардың тұрақты спортпен шұғылдануы үшін жұмыс кестесі бекітіліп, алдағы уақытта спорт нұсқаушысымен бірге жұмыс жасайтын болды. Ал қыздар тігін үйірмесін ашу және тұрақты түрде жұмысын жүргізу жөнінде ұсыныс айтты. Сондай-ақ ауыл жастары «COWORKING» орталығына келіп, қажетті ақпараттар алуға және бос уақытын тиімді өткізетін болып келісілді. Жазғы демалыс уақытында ауыл жастарына арналған іс-шара жоспары бекітіліп, түрлі бағытта (спорттық, мәдени, кәсіптік және т.б) шаралар ұйымдастырылатын болды. Ал М.Шәменов ауылдық округінің жастарымен пікір алмасу барысында қайтарымсыз грант алуға 8 жұмыссыз жас ниетті екенін білдірді, сонымен қоса «Zhas prodjekt» жобасы бойынша жеңімпаз атанған бір жас қайтарымсыз грант арқылы кәсібін жалғастырады.
13 мамыр 2019 ж. 627 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031