АНТ мүшелері мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және Елбасы Жолдауында туындайтын мәселелер бойынша кездесулер өткізді
Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі және "Қызылорда облысының жастар Одақтары" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 22-26 сəуір аралығында Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтер және кентте, сонымен қатар студент жастармен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және Елбасы Жолдауында туындайтын мәселелерді жастар және тұрғындар арасында насихаттау болып табылады. Кездесуге спикер ретінде қалалық ауыл шаруашылығы жəне ветеренария бөлімінің маманы Қали Нұрбала, "Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банк" АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының өкілдері, Қызылорда облысының кəсіпкерлер палатасының өкілі, бизнес тренер Мадина Қасымжанқызы, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының өкілдері жəне "Қызылорда облысының жастар Одақтары" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Əбіл қатысты. Кездесуге қатысқан арнайы сала мамандары тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалардан туындайтын мүмкіншіліктерді кеңінен пайдалануға шақырып, Елбасы Жолдауын жəне мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар берді.
Соның ішінде, Елбасы жолдауы, кəсіпкерлікті бастау, пайдалану мүмкіншіліктері жолдары, мемлекеттік гранттар және «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, "Тұрғын Үй" алуға, үй салуға жəне жер алу туралы ақпараттар беріліп тұрғындар арасында насихатталды. Алдағы уақытта кездесулер қаламыздағы мекемелер мен кәсіп орындарда жалғасын табатын болады.