» » ЖАЛАҒАШ ЖАСТАРЫ ЖАЗУШЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖАЛАҒАШ ЖАСТАРЫ ЖАЗУШЫМЕН КЕЗДЕСТІ

  Жалағаш ауданының Жастар орталығында филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Бауыржан Иманғалиев аудан жастарымен кездесіп, еркін сұxбат жүргізді.
Ғалым руxани жаңғыру, білім беру бағытында атқарып жатқан еңбектерімен бөлісіп, жастардың түрлі тақырыптағы сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында жүргеновтанушы, ғалым Бауыржан Сәбитұлы қайраткер туралы зерттеулер жазылған жинағын жастар орталығына табыстады.
Мемлекет және қоғам қайраткері өзі дүниеге келген Аққыр ауылындағы №188 орта мектебінде, бастауыш сыныбында білім алған Мәдениет ауылындағы І.Қабылов атындағы №32 мектеп-лицейінде, зерттеу жұмыстарын жүргізген Жалағаш кентіндегі Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінде, сонымен қатар жастар ресурстық орталығы жанындағы "Сoworking" орталығында белсенді жастармен әңгімелесті. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын насихаттау және "Туған жерге тағзым" акциясы аясында туған өлкеге келген Бауыржан Сәбитұлы рухани құндылықтардың тақырыбында жастарға тағылымды ой айтып, естелік суретке түсті.
17 мамыр 2019 ж. 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930