» » Нұржан Керменбаевтың той жасаудан бас тартуына не себеп болды?

Нұржан Керменбаевтың той жасаудан бас тартуына не себеп болды?

  Биыл 30 жасқа толған Нұржан Керменбаев жыл басында дүркіретіп той жасамақ болған. Сондай-ақ, әнші мемлекеттік марапатын "жуып", кіші ұлының тұсауын кестіруді көздеген. Алайда Астанада тірідей өртеніп кеткен 5 қыздың оқиғасын естіген кезде Керменбаев бұл ойынан бас тартқан. 

Бұл туралы Нұржан "Хабар" арнасының "Ережесіз әңгіме" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Нұржанның отбасымен бірге Малайзия елінде жүрген кезі. Бір аптадан елге қайтпақ болған әнші шақыру тізімін де даярлап қойыпты. Сөзіне қарағанда, 300-ге жуық адамның басым бөлігі - өнер жұлдыздары. 
"Ағайындарға кейін бөлек жасаймыз деп шештік. Өнердегі аға-әпкелеріме дастархан жаяйын деп шештім. Малайзиядан елге ұшып келетін кезде елімізде қаралы оқиға болды. Өздеріңіз білесіздер, 5 бала тірідей өртеніп кетті. Сол оқиғадан кейін пікірлерді көрдім, ел-жұрт қайғырып, ашулы болып тұрған кезде той жасасам, кінәлі болып қалатынымды сездім. Сондықтан ол тойды бірден тоқтаттым. Орынсыз болады дедім. Тойлар әлі алда", - деп ағынан жарылды Нұржан.
Нұржанның өзі 17 ақпан күні 30 жасқа толса, кенжесі Омар 18 ақпан күні 1 жасқа қадам басқан. Сондай-ақ, Керменбаев Қазақстанның құрметті азаматы атағын алған.
"30 жасымды жасамасам да, марапатымды тойламасам да, ұлымның тұсауын кестім. Періштенің жолын бөгемейін дедім", - дейді әнші.
Керменбаев өзінен кейін жарыса туған күндерін тойлаған әріптестерін кінәлаудан аулақ екенін де жеткізді. 
"Менен кейін туған күн иелері тұрды. Қайрат Нұртас, Айқын бар. Жасаса, ол кісілердің өз жауапкершілігінде. Оларды кінәламаймын. Бұл жерде сүттен ақ, судан таза болып көрінгім келмейді", - дейді ол.


19 мамыр 2019 ж. 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031