» » Ақынның жинақтары жарық көрді

Ақынның жинақтары жарық көрді

  Алматыдағы «ARNA-B» баспасынан ақын, сценарист, режиссер, Қазақстанның мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмахановтың екі кітабы жарыққа шықты.
«Қарлығаш құсым» деп аталатын еңбегіне ақынның сөздеріне жазылған әндер топтастырылған. Оның ішінде халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, автордың бойтұмарына айналған «Қорқыт-қобыздан» бастап «Көздеріңнің көркемі-ай», «Махаббат ғазалы», «Алаштың Ақмешіті», «Жер жүрегі» секілді түрлі тақырыптағы әндер бар.
«Сөздердің де мінезі болады ғой! Оңталап жазған сөздердің мінезінен жазық даланың лебі еседі. Самал жел санаңды өз жылулығымен кезіп өткенде көне сөздерді түсінгендей боласың, бірақ ешнәрсе түсінбегеніңді байқайсың», – дейді композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов. Бұдан біз ақын сөздерінің қорғасындай салмағын көреміз.
О.Нұрмахановтың «Парадарайя сақтары» деген жыр жинағы тіршіліктің боямасыз болмысын, адами қасиет құндылықтарын ұлықтайтын ұтқыр ой мен шырайлы шумақтарға негізделген.
Еске салсақ, ақынның тұңғыш жыр жинағы «Қорқыт-қобыз» атауымен 2014 жылы оқырман қолына тиген еді.
20 мамыр 2019 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031