» » "Голос. Дети" байқауында Микелла Абрамоваға берілген дауыстың жасанды жолмен қалай көбейтілгені анықталды

"Голос. Дети" байқауында Микелла Абрамоваға берілген дауыстың жасанды жолмен қалай көбейтілгені анықталды

  Алсудың қызы Микелла Абрамованың "Голос Дети" байқауында дауысты жасанды жолмен қалай көбейткені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Голос Дети" байқауында Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңіске жетуі көрермендер арасында күмән тудырып, дауыс беру жүйесін қайта есептеу жұмыстары жүргізілген. Есептеуледің нәтижесінде Бірінші арна финалдық нәтижелердің күшін жойған болатын. Group-IB компаниясы Микелла Абрамованың дауысты жасанды жолмен қалай көбейткені туралы айтып берді.
"Ресейде өткен "Голос Дети" байқауының барлық маусымдарына сараптама жасадық. Бұндай оқиға бұрын байқалмаған. Биыл біз шын мәнінде автоматты түрде дауыстың жасанды жолмен көбейтілгенін байқадық. Бұл телефон қоңырауларында да, смс дауыс беруде де байқалған. Бұл арнайы маманданған компанияның жұмысы. Қаражатыңа байланысты хабарламаны да телефон қоңырауын да көбейтуге болады", - деп түсіндірді Group-IB компаниясының қызметкері Артем Артемов.
Group-IB компаниясы қазіргі таңда зерттеу нәтижесінің қорытындыларын ұсынуға дайындалып жатыр. Олардың айтуынша жасанды жолмен көбейту үшін жеңімпаз арнайы мамандандырылған орталыққа жүгінген.
"Айдың соңында біз қай аудандардан көп дауыс бергенін, қанша дауыс шынайы, қаншасы жасанды екенін анықтап есеп беретін боламыз. Дауысты жасанды жолмен көбейткен адамдар ендігі ондай іске бармайды деген ойдамыз. Сонымен қатар, Бірінші арна қазір дауыс беру жүйесін өзгерту жұмыстарымен айналысып жатыр", - дейді сарапшы. 
23 мамыр 2019 ж. 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031