Эссе сайысының берері көп

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...» тақырыбындағы эссе жазу сайысы биыл тағы да ұйымдастырылды. Оған барлық аудан, қала оқушылары мен студенттері қатысты.
Олар сайысқа қатыса отырып, өздерінің ғасыр дерті есірткіге қарсы екендіктерін ашық жеткізді. Тіпті адам өмірін жалмаған оқиғалардың да өмірде болғанын мысал ретінде жазып, оқырманға ой салғандары болды. Осылайша сайысқа қатысқан 141 оқушының 33-ші ынталық танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталса, 20-сы жігерлік танытқан болып есептелінді. Олардың қатарында Тыныштық Нұрдәулет, Темір Динара, Тынымбек Самал және т.б. қала және аудан оқушылары бар.
Сондай-ақ сайысқа қатысып, аймақтық жеңімпаз атанғандар да болды. Ал барлығынан оза шауып, биіктен көрінгендер облыс жеңімпазы атанды. Солардың ішінде Шиелі ауданы №46 мектеп-лицей оқушысы Кемелбай Санжар 1-орынды иеленсе, жүлделі 2 орын - Жаңақорған ауданы №52 орта мектеп оқушысы Асхан Аялаға бұйырды. Ал қолаға Қызылорда қаласы №3 мектеп – лицей оқушысы Қадыр Фариза лайық деп танылды.
Жансая Жүнісова