Мен саған есірткі жайлы айтып берейін
Достарым! Мен ешқашан қазақ баласының аузынан темекі, есірткі, қолынан шөлмек көргім келмейді. Себебі, ол ұлтымызға тән қасиет емес. Бүгін мен осының ішінде есірткі туралы айтқым келеді.
Есірткі адам ағзасын улап, есінен тандыратын зиянды зат. Бұған әсіресе жасөспірімдер әуес келеді. Оған ол туралы ақпаратты аз білу, достардың немесе өзге адамдардың қызықтыруы, түрлі көңіл көтеретін орталықтардың әсері, отбасындағы күйзеліс, барлық пен байлықтың мастығы, жеке адамның “бір мәрте көрейін, онда тұрған не бар дейсің” деген әуесқойлығы, т.б. көп жағдайлар әсер етеді. Адамның көңіл-күйін, сана сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат – есірткі ешқашан жақсы нәрсе бола алмайды. Оның шырмауынан шығу өте қиынға соғады. Тек бүгінмен ғана өмір сүруге әкеледі де, болашақ деген ұғымды санадан біржолата өшіреді.
«Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді» деген сөз бар халық даналығында. Менің де осылай есірткі зияны туралы біліп, жазуыма әрине мектебімізде үнемі жүргізілетін түсіндірме жұмыстарының әсерінен деп ойлмаймын. Есірткі пайдаланушыларға, оны сатушыларға, сақтаушыларға әртүрлі щара қолданылатыны туралы мектеп инспекторы үнемі айтып отырады. Есірткіден зардап шеккен адамдардың қилы тағдыры туралы ойланбау мүмкін емес. Менің айтарым, өмірде жақсылық болатынына сен! Есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сен, досым!
Данна КИМ,
№5 мектеп-лицейдің
10 сынып оқушысы