Нұрболхан Шарапов балалардың аузына түкіретін жұлдыздарға шүйлікті
Отандық әзілкеш Нұрболхан Шарапов танымал тұлғалардың балалардың аузына түкіретін әдетін сынға алды деп жазадыKAZ.NUR.KZ.
Ол жас ақынның жыр жолдарын Instagram парақшасында жариялаған.
"Бiр Аллаһ әр пендеге бiтiм берген, Тектiлiк дарымай ма тұқым, геннен?! Танымал адамдардан талант жұқпас, Балаңның ауызына түкiргеннен", - деп жазды Шарапов.
Ал желі қолданушылары да бұл ырымның көбіне зая кететіні жайлы жарыса пікір қалдырған.
"Кішкентай кезімде ауызыма Бақыт Шадаева түкірген. Әнші болу былай тұрсын, бір грамм слух жоқ", "Нұрболхан, Алла разы болсын! Көзің ашық, көкірегің ояу азаматсың. Тіл-көзден Алла сақтасын".
"Дұрыс айттың", "Осындайлардан жиіркенуші едім", "Ойымыз бір жерден шықты", "Тек түкірмейді, тіпті артынан да тебеді ғой", "Ата-анамыз ақымақ па сонда?".
"Қазақ көрінген балаға түкірте бермеген ғой. Мейрамбек Бесбаевқа - Нұрғиса Тілендиев, Саят Медеуовке - Кенен Əзірбаев түкірген дейді. Қазір бəріне бəрібір", - деп жазды желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Төреғали Төреәлі кішкентай баланың аузына түкіріп, артынан тепкені үшін жұрттан оңбай сөз естіді.