97 жастағы әжесіне домбырамен ән салған Жазира Байырбековаға ел сүйсінді (видео)
Жазира Байырбекова 97 жастағы әжесіне домбырамен ән салып, желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді. Көпшілік әншінің әжесіне танытқан жылы лебізіне тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әжесіне добмыра тартып, ән салған видеосын Байырбекова Instagram парақшасында жариялаған.
Бейнежазбадан өнер иесінің терезе алдында отырып домбыра шерткенін, ал қарт кісінің оған шапалақтап, "бәрекелді" деп айтып отырғанын байқауға болады.
Желідегілер әнші мен әжесінің ерекше сәтіне сүйсініп, одан алған әсерімен қызу бөлісіп жатыр.
"Ән де, әжең де керемет. Жарайсың, Жазира. Әжең сияқты әдемі қартаюды нәсіп етсін" , "Қандай керемет , әжеңіздің жасын берсін", "Керемет қандай тамаша көрініс" , "Жан әжеңізді баладай қуантыпсыз" , "Әжелер де кішкентай бала сияқты ғой. Шапалақтап отыр" , "Қандай ерекше әрі махаббатқа толы сәт. Жазира үлкендерге сыйластығын өте керемет" , - деп жазуда көпшілік.