Жазира Байырбекова құпиясымен бөлісті
Әнші Жазира Байырбекованың нәзік болмысы мен сұлулығы көпшілікті тамсандыратыны рас. Тіпті әншінің көркіне қызыққан бойжеткендердің көбі оның бетін қалай күтетіні білгісі келеді. Өз кезегінде Жазира Байырбекова бет күтімі жөніндегі өз құпиясымен бөлісті.
Бұл туралы әнші «Қазақстан» арнасының «Бақытты әйел»бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші Жазира Байырбекованың сұлулығына тамсанған бойжеткендерді оның бет терісін қалай күтетіні қызықтырады екен. «Қазақтың қыздарының бәрі әдемі» деген әнші сұлулығының құпиясын жасырмады.
«Бет күтіміне келер болсақ, мен осы күнге дейін ботокс, ине деген дүниелерді салдырып көрген емеспін. Қытайдан келген қыздарға массаж, маска жасатамын. Олар денедегі нүктелерді жақсы біледі ғой. Мен бет күтіміне аса мән бере бермеймін. Мән беру керек те шығар. Мен оны құнттап жүрген жоқпын», – дейді әнші.