» » «Өз үйім болады деп үміттенбедім»: Жамбыл облысында кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

«Өз үйім болады деп үміттенбедім»: Жамбыл облысында кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

  Жамбыл облысында кәсіпкер көпбалалы отбасыға пәтер алып берді.
Жаңатас қаласының тұрғыны Нұргүл Қонысбаева ұзақ жылдардан бері баспана ала алмай келген, деп хабарлайды ZhambylNews басылымы. 

«Үйім жоқ еді. Өмірде көп қиындық көрдім. Ендігі отбасымның басында баспанасы барына қуаныштымын. Екі бөлмелі пәтеріміз бар. Өз үйім болады деп үміттенбеген едім», - дейді Нұргүл.
Отбасыға баспананы кәсіпкер Фархат Шайымқұлов алып берген. Кәсіпкер бұған дейін мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен қажет заттарын алып беріп келген. Ол қолынан келгенше қайырымдылық шараларға қатысып тұрады екен. 
«Мұқтаж отбасыларды, олардың жағдайын көріп, оларға көмектесу Отан алдындағы парызым деп ұйғардым. Елімізде пәтер ала алмай жүрген көпбалалы отбасылар көп. Қасиетті Рамазан айы – бұл игі істерді жасаудың мүмкіндігі. Мен мұсылман ретінде, өз елімнің патриоты ретінде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесе аламын деп ойлаймын», - дейді Шайымқұлов. 
26 мамыр 2019 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031