» » Қызылорда түрмесінде сотталушы үйленді

Қызылорда түрмесінде сотталушы үйленді

  Қызылордада ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеп жүрген азамат қалыңдығымен некеге отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі жас бұрыннан бір-бірімен сөз байласып жүрген. 
Дегенмен С.Ш азамат аяқ астынан жол-көлік оқиғасына ұшырап, 2 жыл 6 айға сотталып кеткен. Оның сүйген қалыңдығы аталмыш рәсімге орай Ақтау қаласынан арнайы келді. Екеуі түзеу мекемесі заңгерінің көмегімен Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінде некеге отыру туралы өтініш толтырып, өздерінің некелерін заңды түрде қиды. Осылайша екі жас неке куәлігін алды. 
«Біз өміріміздің қалған бөлігінде бақытты отбасы құруды мақсат етеміз. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, тату-тәтті ғұмыр кешуді дұрыс көреміз», - дейді олар. 
29 мамыр 2019 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031