» » АБЫРОЙ МЕН АЛҒЫС

АБЫРОЙ МЕН АЛҒЫС

Елге адал қызмет ету – абыройлы міндет, ал еңбектің нәтижесінде халықтың алғысын алу зор мәртебе. Бүгінде «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директор, директордың орынбасары, бухгалтер, әлеуметтік қызметкер, заңгер, психолог сынды қызметкерлер тұрғындарға тұрақты көмек көрсетіп, азаматтардың алғысын алуда.
2019 жылдың I тоқсанында орталық қызметкерлері 174 азаматпен жеке-жеке сөйлесіп, әрбір азаматқа әлеуметтік карта толтырды. Түзеу мекемесінен келіп түскен хабарлама бойынша 62 азаматтың үйін аралап, азаматтарды жұмысқа орналастырып, құжаттарын алуға, тұрғылықты мекен-жайына тіркеле алмай жүрген азаматтарды заңды түрде тіркеуге көмек көрсетілді. Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылға 12 ақпандағы бекітілген №12620 «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы бойынша 9 мекемеге 38 азамат тұрақты жұмысқа орналасу керек болатын. Осы қаулыны негізге ала отырып қазіргі таңда 17 азамат жұмысқа орналасты, одан бөлек 21 азамат тұрақты қызметпен қамтылды. Біздің ұжымымыз шағын болса да, жасап жатқан жұмысымыздың нәтижесі осындай ауқымды. Оны жазасын өтеп шыққан азаматтардың орталыққа келіп білдірген алғысынын оқи аласыздар.
«Мен, Олжас Темирханов 1986 жылы туылдым. Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығына алғысымды жазбаша түрде білдіремін. Қылмыс жасап таяуда бостандыққа шықтым. Ұзақ уақыт жұмыс таба алмай жүргенімде орталық қызметкерлері «Қызылорда су жүйесі» МКК-не тұрақты қызметке орналастырды. Сіздерге үлкен рахмет айтамын!»
«Мен, Қуантқан Болатов 1989 жылы туылдым. Жеке куәлігімді алуға көмек көрсеткені үшін мекемеге алғысымды айтқым келеді».
«Мен Серік Сержанов Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы арқылы «Еңбек Қызылорда» мекемесіне жұмысқа орналастым. Осындай көмек көрсететін орталық қызметіне рахметімді айтамын!»
Біз үшін әрбір азаматтың пікірі маңызды, сондықтан осындай алғысты естігенде бір марқайып қаласың. Алдағы уақытта да орталықтың абыройлы қызметі жақсылықпен жалғасын табатынына сенім мол.
Ұлданай ЖАНДУЛЛАҚЫЗЫ,
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының әлеуметтік қызметкері

14 мамыр 2019 ж. 652 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031